2026 жылдың 24-26 сәуір аралығында Алматы қаласындағы Тұран университеті базасында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасында өткен XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңіне Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі Ғайнешова Айсулу Меңдібайқызының жетекшілігімен 6В06104 – «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушылары Габдуллин Дамир, Ермолаев Илья және Погодин Никита белсенді қатысты.

Олимпиада еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» бағыты бойынша білім алып жатқан студенттерді біріктіріп, бірнеше кезеңнен тұрды. Байқау барысында қатысушылар теориялық және практикалық тапсырмаларды орындап, бағдарламалау, ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы салалары бойынша терең білімдерін көрсетті.

Сонымен қатар, студенттердің республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадаға алғаш рет қатысуы олардың кәсіби тәжірибе жинақтап, өз білімдері мен дағдыларын еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының студенттерімен салыстыруына үлкен мүмкіндік берді. Алғашқы қатысуларына қарамастан, білім алушылар жоғары белсенділік танытып, университет абыройын лайықты деңгейде қорғады.

Жарыс қорытындысы бойынша студенттер сертификаттармен марапатталды, ал жетекшісі алғыс хатқа ие болды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz