30 сәуір күні Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының преамбуласында бекітілген «Әділетті Қазақстан» құру идеясын және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында студенттердің патриоттық рухын, жауапкершілігін және құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында БҚИТУ СТИ Құқық кафедрасында «Болашақ прокурор кеңістігі» арнайы бұрыштың салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шара модераторы, Құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры Т.Х.Рахметов қонақтарды таныстырды: БҚО прокурорының орынбасары, аға әділет кеңесшісі М.М.Таутенов, БҚО прокуратурасы ардагерлер кеңесінің төрайымы А.С.Унаева, прокуратура органдарының ардагері Ж.К.Капезов, облыс прокурорының аға көмекшілері Д.Е.Нурсултанова мен К.Ж.Капезов, ҰОС қатысушыларының туыстары – БҚО прокуратурасының ардагерлері – И.А.Гапичтің, А.М.Мухамедьяровтың, Г.Б.Каракуловтың, БҚИТУ құрылтайшысы А.К.Бозымова, БҚИТУ ректоры Б.Т.Шакешев, проректорлар И.Н.Жубантаев, С.А.Машанова, СТИ директоры Б.А.Билашев, сондай-ақ кафедра оқытушылары мен студенттері.
Бұрыш материалдары республика прокуратурасының және облысымыздың әртүрлі кезеңдердегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы қызметін, ұрпақтар сабақтастығын және еліміздің Тәуелсіздік кезеңіндегі прокуратура қызметкерлерінің маңызды рөлін көрсетеді. Мұнда прокуратураның құқық қорғау органы ретіндегі функциялары мен міндеттерін ашатын тарихи, құқықтық және арнайы әдебиеттер ұсынылған. Сонымен қатар, қызметтік форма, айырым белгілері, арнайы шендері бар погондар және прокуратура қызметкерлерінің ведомстволық наградалары қойылған. ҚР құқық қорғау органдары қызметкерлерінің анты мен әдеп кодексі бар стендтер орналастырылған.
Бұл іс-шараның ҚР мемлекеттік мерекелері – Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күні қарсаңында өтуі де ерекше мәнге ие. Бұрыш материалдарында БҚО прокуратурасының қызметкерлері мен ардагерлері қатарынан шыққан 9 ҰОС қатысушысына арналған стенд бар. Қазіргі студенттердің жасы 18–19 жаста, олар сол кезде Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, Отанды қорғау үшін ҰОС-тың әртүрлі майдандарында ерлікпен шайқасқан, соғыстан кейін прокуратура органдарында абыройлы еңбек еткен. Ардагерлердің жауынгерлік және еңбек наградалары ұсынылған, сондай-ақ біздің облыстың республикадағы Сталинград майданының тыл аймағы болғаны туралы материалдар бар.
Аталған ардагерлердің жауынгерлік және еңбек ерліктері – бүгінгі заңгер студенттер үшін жоғары ерлік пен патриотизмнің, Отанға деген сүйіспеншіліктің, қабылдаған антқа адалдықтың және кәсіби шеберліктің жарқын үлгісі.
Құқық кафедрасындағы бұрыштың ашылуымен БҚО прокурорының орынбасары М.М.Таутенов және прокуратура ардагері Ж.К.Капезов оқытушылар мен студенттерді құттықтап, бұрыш материалдары тәжірибеге бағытталған заңгер студенттерді даярлауға көмектесетініне сенім білдірді. Сонымен қатар, прокуратура қызметкерлері меморандум аясында қолдау көрсететінін атап өтті.
Іс-шара студент-заңгерлердің домбырада халық күйлерін орындауымен сүйемелденді. Модератор БҚО прокуратурасы қызметкерлеріне, олардың ардагерлер ұйымына, сондай-ақ ҰОС ардагерлерінің туыстарына бұрышты жабдықтауға көрсеткен практикалық және әдістемелік көмегі үшін алғыс білдіріп, барлық қатысушыларға ризашылығын жеткізді.
Одан әрі іс-шара БҚИТУ-дың акт залында жалғасын тапты, оған оқытушылар мен студенттер қатысты.
Университетте «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатырған жұмыстары туралы баяндама жасаған БҚИТУ ректоры Шакешев Б.Т. студенттерді адалдыққа, патриотизмге, жауапкершілікке тәрбиелеу, құқықтық мәдениетті арттыру бағытындағы жұмыстарды атап өтті. Бұл жұмыстар оқытушылар, эдвайзерлер және комплаенс қызметі тарапынан БҚО прокуратурасы және басқа да құқық қорғау органдарымен жасалған меморандум аясында тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, кафедра оқытушылары мен студенттерінің прокуратура қызметкерлерімен өзара іс-қимылы туралы фильм көрсетілді. Онда қонақ дәрістерін өткізу, студенттерге экскурсия ұйымдастыру, өндірістік тәжірибеден өту, академиялық комитетке қатысу және құқықтық тақырыптарда бірлескен іс-шаралар өткізу қамтылды.
БҚО прокурорының орынбасары М.М.Таутенов өз баяндамасында «Әділетті Қазақстан» идеясын ұстанудың маңыздылығына, студенттердің білім алуға деген жауапкершілігіне тоқталып, прокуратура органдарына қызметке қабылданатын үміткерлерге қойылатын талаптарды атап өтті. Ол университет ұжымына белсенді ынтымақтастық үшін алғыс айтып, түлектерді прокуратура қызметіне шақырды.
Жиналғандарға Орал қаласында тұратын 103-жастағы ҰОС қатысушысы, «Халық қаһарманы», прокуратура органдарының ардагері – Иван Степанович Гапичтің студенттер мен оқытушыларға арналған бейне-үндеуі ерекше қызығушылығын тудырды.
БҚО прокуратурасы ардагерлер кеңесінің төрайымы А.С.Унаева сөз сөйлеп, ведомство ардагерлерінің тәжірибесімен бөлісіп, жастарға патриотизм мен өмірде мақсаттарына жетуді тіледі.
БҚИТУ мен облыс прокуратурасы арасында жаңа ынтымақтастық меморандумына қол қойылып, оқытушыларға, студенттерге және прокуратура қызметкерлеріне білім беру және тәрбиелеу саласындағы белсенді ынтымақтастықтары үшін Алғыс хаттар табысталды.
Іс-шара студенттердің қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен аяқталды.





