2026 жылғы 28–29 сәуір күндері Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Ветеринария» білім беру бағдарламасының студенттері Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында өткізілген Республикалық пәндік олимпиадаға белсенді қатысты.
Аталған іс-шара дарынды жастарды анықтау мен қолдаудың маңызды алаңы болып табылады, сондай-ақ ветеринариялық медицина саласындағы болашақ мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға ықпал етеді.
Олимпиада еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында «Ветеринария» бағыты бойынша білім алып жатқан студенттерді біріктіріп, бірнеше кезеңнен тұрды. Байқау барысында қатысушылар теориялық және практикалық тапсырмаларды орындап, ветеринариялық микробиология және вирусология, сондай-ақ ветеринариялық акушерлік пәндері бойынша терең білімдерін көрсетті.
XVIII Республикалық пәндік олимпиадаға еліміздің 13 жоғары оқу орнынан 142 студент қатысты.
Біздің университеттен биология ғылымдарының кандидаты, ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының аға оқытушысы Жубантаева Алтын Нұрымовнаның жетекшілігімен 6В09103 «Ветеринария» білім беру бағдарламасының 3–4 курс студенттері — Кочеткова Александра мен Жақсымұрат Райса қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Кочеткова Александра жүлделі III орынға ие болып, дипломмен марапатталды. Ал Жақсымұрат Райса белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Осындай маңызды іс-шараларға қатысу бәсекеге қабілетті, аграрлық саланың дамуына үлес қосатын және елдің ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын мамандарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, ветеринария бойынша республикалық олимпиада жоғары білікті кадрларды даярлауда маңызды рөл атқарып, студенттердің кәсіби өсуіне серпін береді.


