«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында 30 сәуір 2026 жылы 207 дәрісханада «Дене мәдениеті және информатика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Абекешев А.И. «Табиғат және қоғам» пәні бойынша «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттеріне ««Таза Қазақстан – жарқын болашақ»» тақырыбында ашық семинар өткізді.
Семинар мақсаты: Студенттерге қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсіндіру, табиғатқа деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру, экологиялық мәдениетті дамыту. Ашық семинар барысында білім алушылар: «Жасыл технологияларды енгізу», «Қайта қалпына келетін энергия көздерін пайдалану», «Қалдықтарды қайта өңдеу және сұрыптау» тақырыптарында слайдттар мен видеороликтер көрсетіліп, топқа бөлініп, Постер қорғап, топтық бағалау жұмыстары жүзеге асырылды. Сонымен қатар оқу ғимаратының дәлізделерінде орнатылған арнайы қораптарға тұрмыстық қалдықты сұрыптап жинау (қағаз, пластик өнімдері, әйнек) бағытында басқа студенттерге үлгі көрсетіп, «Қоқысты сұрыпта» челленджін қолдауға шақырды.
Сабақтың соңында студенттердің Kahoot-платформасы арқылы дайындаған жұмыстарына баға беріліп, оқытушының қорытынды сөзімен аяқталды.
Ашық семинар өте жоғары деңгейде өтіп, студенттердің пәнді оқуға деген қызығушылығын оятуға септігін тигізді.


