2026 жылғы 23 сәуірде Вавилов университетінде «Жылыжайдағы өсімдіктердің өсуін электромагниттік және электрлік ынталандыру» атты халықаралық ғылыми жобаны жүзеге асыру туралы келісімге салтанатты түрде қол қойылды. Құжат Вавилов университеті мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті арасындағы азық-түлік қауіпсіздігін дамыту саласындағы серіктестік қатынастарды бекітті.

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту – университеттердің стратегиялық бағыттарының бірі. Жаңа жоба агроөнеркәсіптік кешеннің өзекті мәселелерін шешуде шетелдік әріптестермен күш біріктіруге, тәжірибе мен технологиялар алмасуға, сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Жоба аясында жоғары білікті кадрларды даярлауға ерекше назар аударылады. Тараптар жоғары оқу орындары ғалымдарының қатысуымен бірлескен ғылыми тағылымдамалар мен семинарлар өткізуді келісті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz