2026 жылғы 22-сәуірде «Ғылым онкүндігі – 2026» іс-шаралары аясында педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер мен магистранттарға арналған «Цифрлық жаһандану жағдайындағы психологиялық-педагогикалық инновациялар тұлғаның психологиялық трансформациясының факторы ретінде» атты облыстық ғылыми-практикалық конкурс өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты – білім алушылардың ғылыми-теориялық ойлауын қалыптастыру, ғылыми зерттеу нәтижелерін талдау және жүйелеу дағдыларын дамыту, кәсіби тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ ғылыми идеяларды жетілдіру және оларды тиімді ұсыну қабілеттерін арттыру болып табылады.

Конкурс барысында ғылыми баяндамалар ұсынылып, өзекті психологиялық-педагогикалық мәселелер талқыланды, сондай-ақ инновациялық идеялар мен зерттеу нәтижелері ортаға салынды.

Конкурс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей анықталды:

І дәрежелі дипломмен  «Использование цифровых образовательных технологий как фактор психологического развития личности младшего школьника» тақырыбымен Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенті А.А.Силантьева (ғылыми жетекшісі: Говорухина В.С.), ІІ дәрежелі дипломмен «Связь уровня субъективного контроля и удовлетворённости профессиональной деятельностью среди работников медицинского учреждения» тақырыбымен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Психология» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті А.Агапов (ғылыми жетекшісі: ә.ғ.м., аға оқытушы А.Б.Султанов) және «Цифрлық білім беру жағдайындағы FOMO-феномені: психологиялық салдары және көмек көрсету тәсілдері» тақырыбында аталған университеттің «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Б.С.Исанова (ғылыми жетекшісі: аға оқытушы С.Т. Шонбаева) марапатталды. Сондай-ақ, «Использование цифровых платформ в развитии познавательных процессов у детей младшего школьного возраста» тақырыбымен Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің  студенті С.Е.Сабирова (ғылыми жетекшісі: Ж.М. Сахипова), «Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудағы ағылшын үйірмесінің рөлі» тақырыбымен аталған колледждің студенті Ұ.Т. Жұмағали  (ғылыми жетекшісі: п.ғ.м., В.А. Даулетова), «Ұлттық ойындардың баланың тұлғалық дамуына әсері» тақырыбымен М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенті А.И. Аманғалиева (ғылыми жетекшісі: п.ғ.м., аға оқытушы Ж.Ж. Нәбиева) ІІІ дәрежелі диплом иелері атанды. Конкурсқа қатысқан өзге білім алушылар алғыс хаттармен марапатталды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz