2026 жылдың 22-сәуірінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастарды адалдыққа, сезімді қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күніне арналған «Аңыз болған ақ сезім» атты мәдени танымдық кеш өтті.

Қозы Көрпеш — Баян Сұлу эпосы – халқымыздың інжу-маржаны, асыл қазынасы. Қозы мен Баянның махаббат тарихы бір-біріне деген адалдығымен құнды. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» – қазақтың ең көне және көркем махаббат жыры.

Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күні  – Қазақстанда жыл сайын сәуірде тойланатын ғашықтар мерекесі. Бұл күн қазақ халқы үшін махаббат пен адалдықтың символына айналды.

Шара барысында 12 қанат киіз үй тігіліп, алтыбақан орнатылып, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Театрланған көрініс пен концерттік бағдарлама, ұлттық тағамдар (бауырсақ, көже, палау) қала тұрғындары мен университет студенттеріне таратылды. Кеш соңында сыртта, оқу ғимаратынын жанында студенттер аллеясында екі көшет отырғызылды (Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу терегі).

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz