Ұлттық кітап күніне арналған онкүндік аясында Білім және менеджмент институтының студенттері, BookClub кітап клубының қатысушылары «Менің дүниетанымыма әсер еткен кітап» акциясына қатысты. Студенттер өздерінің өмірлік көзқарастарының, адамгершілік құндылықтарының және тұлғалық дамуының қалыптасуына маңызды әсер еткен кітаптарды таныстырды.

Акцияға қатысушылар оқыған шығармалары туралы ой-пікірлерімен бөлісіп, сүйікті авторлары жайлы айтып, өзгелерді жаңа кітаптармен танысуға шабыттандырды. Өткізілген іс-шара кітап оқуды насихаттауға, жастардың рухани мәдениетін дамытуға және әдеби мұраға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

Студенттер эстафетаны М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттеріне жолдады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz