«Мұнай-газ инженериясы» кафедрасының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 13-17 сәуір аралығыда «Мен – болашақ мұнайшы!» тақырыбында апталық өткізілді. Апталықтың негізгі мақсаты — білім алушыларды 6В07201 – «Мұнай-газ ісі» білім беру бағдарламасының құрылымымен таныстыру, мұнай-газ саласының маңыздылығы мен негізгі бағыттары туралы жан-жақты ақпарат беру, сондай-ақ үш негізгі мамандану бағытына — мұнай және газ кен орындарын игеру, мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау және мұнай мен газды өңдеу бағыттарының ерекшеліктеріне ерекше назар аудару болды.

Апталық аясында бірқатар мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды. Алғашқы күні студенттер арасында «Үздік жас мұнайшы» атты интеллектуалдық ойын өткізілді. Ойын барысында қатысушылар мұнай-газ саласына қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті.

Сонымен қатар, «Мұнай-газ ісі мамандығына кіріспе» тақырыбында кураторлық сағат ұйымдастырылып, білім алушыларға білім беру бағдарламасының мазмұны мен үш негізгі мамандану бағыты бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында әр маманданудың мазмұны, қолданылатын технологиялары және болашақ еңбек ету мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді.

Апталық барысында студенттер үшін өндірістік кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырылды. Білім алушылар «Ural Petroleum» ЖШС, «Азотный завод» ЖШС және «Жайықмұнай» ЖШС мұнай құю терминалына барып, кәсіпорындардың өндірістік қызметімен, технологиялық процестерімен және өндірістегі қауіпсіздік талаптарымен танысты.

Сонымен қатар, кафедраға қарасты арнайы және зертханалық кабинеттерінде зертханалық сабақтар мен шеберлік сағаттары өткізілді. Бұл сабақтар барысында студенттер заманауи қондырғылармен және технологиялық макеттермен танысып, тәжірибелік жұмыстар орындады.

Жалпы алғанда, өткізілген апталық іс-шаралар студенттердің кәсіби қызығушылығын арттыруға, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға және болашақ мамандықтарына деген жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған маңызды әрі тиімді шара болды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz