2026 жылғы 20-сәуірде БҚИТУ шет тілдері және аударма ісі кафедрасында аудармашы И.Г.Тимофеевтің өткізген «Қазіргі жағдайда машиналық аударма мен жасанды интеллектіні пайдалану» тақырыбында қонақ дәрісі  өтті. Іс-шараға 6B02301 – Аударма ісі білім беру бағдарламасының аударма курсының студенттері қатысты.

Дәріс барысында И.Г. Тимофеев өзекті мәселені көтерді: жасанды интеллект адам-аудармашыны алмастыра ала ма деген сұрақ талқыланды. Заманауи машиналық аударма жүйелерін қолдану мысалдары қарастырылып, олардың артықшылықтары мен шектеулері тәжірибе жүзінде талданды. Студенттердің машиналық аударма нәтижелерін сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ кәсіби қызметте цифрлық құралдарды тиімді пайдалануға ерекше назар аударылды.

Студенттер талқылауға белсенді атсалысып, сұрақтар қойып, сауалнамаға қатысты. Лектор жасанды интеллектінің қуатты көмекші құрал екенін, алайда аударма сапасын қамтамасыз етуде негізгі рөл адамға тиесілі екенін атап өтті. Дәріс қорытындысы бойынша жасанды интеллект аударма қызметінде адамды толықтай алмастыра алмайды деген тұжырым жасалды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz