2026 жылдың 16-сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтының студенттерімен «Конституция және жастар: ашық диалог» тақырыбында кездесу өткізілді.

Іс-шараның негігі мақсаты-жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Конституцияның маңызын жан-жақты түсіндіру және олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Кездесуді БҚИТУ тәрбие ісі жөніндегі проректоры А.И.Абекешев кіріспе сөзбен ашып, «Тарих және құқық» кафедрасының заң ғылымдарының кандидаты Х.М.Куставлетов жаңадан қабылданған Конституция жобасын кеңінен насихаттау мақсатында білім алушы студенттері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар педагогика ғылымдарының магистрі А.А.Кубашев «Азаматтық жауапкершілік» тақырыбында баяндама жасап, мәселенің өзектілігін кеңінен түсіндірді.

Іс-шара барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып,тұшымды жауаптар алды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz