2026 жылғы 16-сәуірде «Ғылым апталығы – 2026» аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің шетел тілдері және аударма ісі кафедрасында «Цифрлық дәуірдегі тілдік оқыту: озық технологиялар, мультимедиа, жасанды интеллект» атты ғылыми-практикалық пікірталас алаңы ұйымдастырылды.

Шараны шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Құсайынова Дина Жақсығалиевна және философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Тихонюк Екатерина Васильевна кіріспе сөзбен ашты.

7M01707–Орыс тілі мен әдебиеті (оқыту тілі орыс емес мектептерде)» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты, «Білім» бағыты бойынша ОӘБ әдіскері, «Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бекбулатова Ардақ Саматовна «Әдеби бейнелерді визуализациялау тәжірибесі және кейіпкерлердің нейрореконструкциясы» тақырыбында баяндама жасады.

7M01702 – Шетел тілі: екі шетел тілі білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты, №25 жалпы орта білім беретін мектеп КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Аккереева Жансая Серікқалиевна «Жасанды интеллект түрлері және Vibe Coding технологиясының мәдениетаралық коммуникацияны дамытудағы рөлі» тақырыбындағы баяндамасын ұсынды.

Педагогика ғылымдарының магистрі, шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Мұсағалиева Жанна Арсеновна «ChatGPT-тің орыс тілін оқыту мен ғылыми жұмыстар жазудағы рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Магистранттар мен оқытушыларды біріктірген «Цифрлық дәуірдегі тілдік оқыту: озық технологиялар, мультимедиа, жасанды интеллект» атты ғылыми-практикалық пікірталас алаңы щетел тілдері және аударма ісі кафедрасында мазмұнды ғылыми диалог жүргізуге мүмкіндік берді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz