2026 жылдың 26-наурызында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Дене мәдениеті және информатика кафедрасының оқытушылары – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Қажиакпарова Жадыра Сериковна, қауымдастырылған профессор, PhD  Арыстанова Асель Бекболатовна, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Информатика» білім беру бағдарламасының докторанты Нариманова Анаргүл Жасқайратқызының қатысуымен №45 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ғылыми зерттеулерде жасанды интеллектті қолданудың этикалық негіздемесі» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Семинарға мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері, информатика мұғалімдері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтар мен білім алушыларға жасанды интеллект құралдарын ғылыми зерттеу барысында дұрыс, қауіпсіз әрі этикалық тұрғыда қолдану жолдарын түсіндіру, сондай-ақ цифрлық мәдениетті қалыптастыру болды.

Семинар барысында жасанды интеллекттің ғылыми зерттеулердегі рөлі, оның мүмкіндіктері мен шектеулері жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, академиялық адалдық қағидалары, плагиаттың алдын алу, дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға практикалық тапсырмалар ұсынылып, жасанды интеллект көмегімен алынған ақпаратты сыни тұрғыдан талдау, қателер мен дезинформацияны анықтау дағдылары көрсетілді. Сонымен қатар, түрлі этикалық жағдайлар талқыланып, жасанды интеллектті жауапты пайдалану бойынша ұсыныстар әзірленді. Аталған семинар қатысушылардың жасанды интеллект құралдарын саналы әрі тиімді қолдану дағдыларын дамытуға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу мәдениетін жетілдіруге ықпал етті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz