2026 жылдың 26 наурызы күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Білім және менеджмент институтының психологі З.Қ. Серікова мен фельдшер Т.С. Суттибаевтың ұйымдастыруымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ: тәртіп және тәрбие» атты профилактикалық іс-шара өтті.

Қонақ дәрісіне «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын-алу орталығы» эпимдемиолог – дәрігер Баймуханова Ляззат Темирбекова,
«Облыстық АИТВ инфекциясының алдын-алу орталығы» МКК педагогы Галимгалиева Бахытгүл Бурамбаевна және Орал қаласының жастармен жұмыс жөніндегі ақпараттық-талдау және ресурстық орталығының психолог-маманы Искакова Айгерім Суйнжановна қатысты. Келген мамандар өз салалары бойынша пайдалы кеңестер беріп, жастармен ашық пікір алмасу жүргізді.

Жиын барысында жастардың психологиялық саулығын нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында маңызды ақпараттар беріліп, құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz