Қазан айының 11-і күні Педагогика факультеті, Филология және оқыту әдістемесі кафедрасының жанынан кафедра оқытушысы Д.М.Какимованың жетекшілігімен, «Кітапхана ісі» мамандығы студенттері мүшелігімен жұмыс жасап тұрған «Жас кітапханашы» ғылыми-тәжірибелік үйірмесінің ұйымдастыруымен «Жыл кітабы-2018» таңдауына ие болған әдебиетші, ғалым, жазушы Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологін насихаттау бағытындағы «Бір ел – бір кітап» акциясы өткізілді.
Шара барысында «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологінен үзінді қойылым қойылып, монолог оқылып, кітап мазмұнына қатысты акция қатысушыларымен сауалнама жүргізілді.
Акцияға Педагогикалық факультет деканы Б.С.Жұмақаева, Филология және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі М.Қ.Ажгалиев, факультет кітапханасының меңгерушісі І.С.Дленова және күндізгі, кешкі, сырттай бөлім студенттері қатысты.

