2026 жылдың 03 наурызында БҚИТУ-дың, ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының оқытушылары Орал қаласының №3 ЖОББМ бітіруші сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді.

Кезекті сапар барысында оқушыларға кафедраның білім беру бағдарламалары туралы: Технология және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, Ветеринария, Ветеринария зооинженерия негіздерімен, Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, сондай-ақ Ветеринариялық медицина бағыты бойынша магистратура туралы толық ақпарат ұсынылды.

Кафедра оқытушылары университеттің заманауи материалдық-техникалық базасы, мамандандырылған зертханалар, оқу кабинеттері және студенттер белсенді қатысатын ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы айтып берді. БҚИТУ-да сапалы білім алу, білім алушылардың кәсіби қалыптасуы мен ғылыми әлеуетін дамыту үшін барлық жағдайлар жасалғаны атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде оқуды жалғастыруға қызығушылық танытты. Оқытушылар №3 ЖОББМ көптеген түлектері БҚИТУ талапкерлерінің қатарын толықтырып, болашақта ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының студенттері болатынына сенім білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.