2026 жылғы 18-ақпанда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті базасында университеттің Білім және менеджмент институтының спорт кешенінде мектеп түлектері арасында волейболдан турнир өткізілді.
Аталған спорттық іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ болашақ талапкерлерге кәсіби бағдар беру. Турнир барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, командалық бірлік пен спорттық мәдениеттің үлгісін танытты.
Турнирге Бәйтерек ауданы “Мичурин жалпы орта білім беретін мектебі, Теректі ауданы “Подстепный жалпы орта білім беретін мектебі түлектері мен Орал қаласының №22 жалпы орта білім беретін мектебі, Қадыр Мырза Әлі атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектебі, №24 жалпы орта білім беретін мектептерінің оқушылары қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша командалық орындар төмендегідей анықталды:
- І орын – Мичурин ЖОББМ
- ІІ орын – №47 ЖОББМ
- ІІІ орын – Подстепный ЖОББМ
Сонымен қатар, жарыс барысында үздік ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды:
- Үздік ойыншы – Салықов Али (Мичурин ЖОББМ)
- Үздік шабуылшы – Темір Жансерік (№47 ЖОББМ)
- Үздік байланыстырушы – Жабаев Фараби (Подстепный ЖОББМ)
- Үздік қорғаушы – Кенжетаев Евгений (№24 ЖОББМ)
Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен жоғары белсенділік танытты.






