2026 жылдың 3-ақпанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Білім және менеджмент институтында «Дене мәдениеті және информатика» кафедрасының ұйымдастыруымен профессор-оқытушылары мен қызметкерлері арасында қызықты зияткерлік «WKITU Quiz» интеллектуалды ойыны оздырылды. Аталған іс-шара ұжымдық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Аталған зияткерлік ойынға институттың бес командасы қатысты. Атап айтқанда: «Тарих және құқық», «Қаржы және экономика», «Педагогика және психология», «Шетел тілдері және аударма ісі», «Филология және оқыту әдістемесі» кафедраларының командалары өзара білім мен тапқырлық бойынша бақ сынасты. Іс-шара достық әрі бәсекелестік рухта өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен жағымды әсер сыйлады. Ұйымдастырушылар тарапынан мұндай зияткерлік ойындардың алдағы уақытта да жалғасын табатыны атап өтілді.
Ойын қорытындысы бойынша ерекше белсенділік танытып, жоғары нәтиже көрсеткен үздік ойыншылар І, ІІ, ІІІ орын дипломдарымен марапатталды. Сонымен қатар іс-шараға белсене қатысқан профессор-оқытушылар мен қызметкерлерге алғыс хаттар табысталды.




