Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында “Таза Қазақстан”экологиялық акциясы туралы айтты. Ол елімізде көктемнен бастап “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы өтіп жатқанын еске салды. Акцияның мақсаты-экологиялық мәдениетті қалыптастыру, “адал адам – адал еңбек – адал табыс” патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау. Бұл, президент атап өткендей, “уақытша акция емес, бұл маңызды жоба жыл бойы жалғасуы тиіс”.
Осы бағытта университет студенттеріне “Таза Қазақстан” жалпыұлттық бастама туралы түсіндіру мақсатында арнайы мамандар: Султашева Фариза Аязбаевна – БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бөлімі басшысы., Сахым Дәуренбек – “Эко Сақшы” қоғамдық бірлестігі төрағасы, Эко Белсенді., Сарсенбаев Нурсултан – БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшы орынбасары шақырылып, кездесу өткізілді.
«Таза Қазақстан» акциясы – бұл жай ұран емес, еліміздің өзекті экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған кешенді бағдарлама. Ол кең ауқымды іс-шараларды қамтиды:
- Аумақты тазалау: қалаларды, саябақтарды, ормандарды және су қоймаларын қоқыстан жүйелі түрде тазалау.
- Көгалдандыру: ағаштар, бұталар отырғызу және жаңа жасыл аймақтарды құру.
- Су объектілерін тазарту: өзендердің, көлдердің және теңіздердің ластануымен күресу.
- Экологиялық тәрбие: Барлық жас топтары үшін оқу іс-әрекетін жүргізу.
- Қалдықтарды бөлек жинау: қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу жүйелерін енгізу.
- Биоәртүрлілікті сақтау: өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қорғау.
– Мысалы, қоқысты сұрыптау, су мен жарықты үнемдеу, қоғамдық орынды бүлдірмеу – аса маңызды. Бұл біздің қоғамның қалыпты қағидатына айналуы қажет. Экологиялық ағарту ісіне айрықша мән берген жөн. Мұны «Таза Қазақстан» кампаниясының негізгі бағыттарының бірі деуге болады. Уақыт өткен сайын көптеген адамдардың қоршаған ортаны аялауға, қорғауға ұмтылып жатқанын көріп отырмыз. Азаматтарымыз экологиялық талаптарды сақтап, оны саналы түрде өмір салтына айналдырып келеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатты аялау, тазалық мәдениетін әрбір азаматтың, әсіресе, жас ұрпақтың санасына сіңіру өзекті деп санайды.





