2026 жылғы 29-қаңтарда Білім беру және менеджмент институтында I дәрежелі психолог-психотерапевт, халықаралық тренер, «Resource Academy» психологиялық орталығының негізін қалаушы, психология ғылымдарының магистрі Манасова Бахыткүл Мусаевнамен қонақ дәріс форматында кездесу өтті. Кездесу педагогика және психология кафедрасында аға оқытушы Жумагулова Г.А. ұйымдастыруымен өткізілді.

Іс-шара барысында заманауи психология мен психотерапияның өзекті мәселелері, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби дамуда қолданылатын ресурстық тәсілдер қарастырылды. Қатысушылар маманның практикалық тәжірибесімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, психологиялық көмектің маңызды аспектілерін талқылауға мүмкіндік алды.

Кездесуге институттың оқытушылары, магистранттары мен студенттері қатысты. Өткізілген іс-шара қатысушылардың кәсіби көкжиегін кеңейтіп, психология ғылымының практикалық-бағдарланған бағыттарына қызығушылықты арттырды.

Кездесу соңында Манасова Бахыткүл Мусаевнаға Алғыс хат табысталды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz