2026 жылдың 30 қаңтар күні Педагогикалық шеберлік мектебі аясында «Google платформалары және Canva» тақырыбында оқу-әдістемелік мастер-класс ұйымдастырылды.
Мастер-класты МГИ кафедрасының аға оқытушысы Киікбаев Манас Қайратұлы жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жоғары оқу орнында білім беру процесін ұйымдастыруда заманауи цифрлық платформаларды тиімді қолдану, оқытушылардың педагогикалық және цифрлық құзыреттілігін арттыру.
Мастер-класс барысында Google платформаларының білім беру үдерісіндегі мүмкіндіктері, оқу материалдарын жүйелеу, тапсырмалар беру жолдары көрсетілді. Сонымен қатар Canva платформасын пайдалану арқылы көрнекі оқу материалдарын, презентациялар мен визуалды контент дайындаудың тиімді тәсілдері таныстырылды.
Іс-шара практикалық бағытта өтіп, қатысушылар цифрлық құралдарды оқу процесінде қолданудың нақты мысалдарымен танысты. Мастер-класс қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық тудырып, заманауи білім беру технологияларын оқу үдерісіне енгізудің маңыздылығын айқындады.
Педагогикалық шеберлік мектебі аясында өткізілген бұл мастер-класс оқытушылардың кәсіби дамуына, инновациялық оқыту әдістерін меңгеруіне және білім беру сапасын арттыруға өз үлесін қосты.