Қаңтар айының 27-сі күні Тамбов мемлекеттік техникалық университеті мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті «РФ және ҚР технологиялық көшбасшылығындағы ғылыми-білім беру жобалары» тақырыбында бірлескен халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға екі жоғары оқу орнының басшылығы мен жетекші кафедра өкілдері қатысты.

Кездесу тараптарға бірлескен жұмыстың басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді. Талқылау барысында ТМТУ оқытушылары БҚИТУ қызметкерлері үшін жүзеге асыратын «Үнемді технологиялар» және «Өндірістік процестерді автоматтандыру» қосымша кәсіби білім беру бағдарламаларын іске қосуға дайын екені расталды. Негізгі нәтижелердің бірі «Сусымалы материалдарды мөлшерлеу, араластыру және тасымалдаудың технологиялық процесін жетілдіру» жобасы бойынша бірлескен ғылыми жұмысты бастау туралы шешім болды. Жобаның жетекшілері ретінде БҚИТУ-дың қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Айнұр Кажияхметова және ТМТУ-дың «Агроинженерия» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., профессор Сергей Ведищев тағайындалды.

Ағымдағы жылға арналған жоспарлар БҚИТУ оқытушылары үшін «Автоматтандыру және басқару» және «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» бағыттары бойынша біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұйымдастыруды қамтиды. Сондай-ақ қатысушылар ғылыми жобалар конкурстарына қатысу үшін бірлескен жарияланымдар дайындау саласындағы өзара іс-қимылды күшейтуге келісті.

Дөңгелек үстел аясында тараптар «Сәулет», «Құрылыс» және «Көлік технологиялары» бағыттары бойынша онлайн форматтағы академиялық ұтқырлық бағдарламаларын өткізу тәжірибесімен алмасып, оларды одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

ТМТУ мен БҚИТУ арасындағы диалог білім беру және ғылыми байланыстарды дамытуға, озық тәжірибе алмасуға және инновациялық жобаларды іске асыруға бағытталған серіктестікті нығайтуға өзара мүдделілікті көрсетті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz