Орал қаласындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушыларға арналған мамандықтар жәрмеңкесі өткізілді. Шараның басты мақсаты – бітіруші сынып оқушыларына болашақ мамандықтарын таңдауда бағыт-бағдар беру және жоғары оқу орындары туралы ақпараттандыру.

Кездесу барысында жоғары оқу орындарының өкілдері оқушыларға білім беру бағдарламалары, заманауи әрі сұранысқа ие мамандықтар, оқу шарттары мен студенттерге жасалатын мүмкіндіктер туралы жан-жақты мәлімет ұсынды. Сонымен қатар, гранттар, қабылдау талаптары және студенттік өмір жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мектеп оқушылары шараға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Әсіресе мамандық таңдау, болашақтағы жұмыс мүмкіндіктері мен кәсіби даму бағыттары туралы ақпараттар оқушылардың қызығушылығын оятты.

Мұндай кездесулер оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға, өз қабілеттерін анықтауға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға үлкен септігін тигізеді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz