Құрметті студенттер, оқытушылар, қызметкерлер!
Сіздерді келе жатқан 2026 Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Аяқталып жатқан жыл біз үшін шын мәнінде ерекше жыл болды. Біз университетіміздің 25 жылдық мерейтойын атап өттік. 2025 жылы университетіміздің 5 білім беру бағдарламамыз ARQA аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау бойынша тәуелсіз агенттігінің тексерісінен сәтті өтті. Біз инфрақұрылымымызды кеңейттік, университетімізді цифрландыру жолында тағы бір қадам жасадық. Біздің жетістіктеріміз жаңа жобаларға шабыттандырып, білім мен ғылымның мүмкіндіктеріне сенімімізді нығайтады. Бұл мүмкіндіктер білім экономикасын қалыптастырудың басты факторы болып табылады. Сіздердің еңбектеріңіз – ел болашағының негізі. Өткен жылдағы жетістіктеріміз жаңа жылда одан әрі жалғасып, ортақ мақсаттарымыз орындалсын. Жаңа жылда дендеріңіз сау, шәкірттеріміз білімді, еңбектеріңіз жемісті болсын!
Отбасыларыңызға амандық, мол ырыс пен татулық тілейміз!
Құрметпен,
БҚИТУ ректоры Б.Т.Шакешев