Бұл кітапхана студенттер мен оқытушылар үшін сапалы білім мен ғылыми ізденістерге жол ашатын маңызды орта. Кітапхана заманауи талаптарға сай жабдықталып, оқырмандарға жайлы орта ұсынылған. Мұнда студенттер мен оқытушыларға арналған жайлы оқу залы, толықтай ғаламтормен қамтамасыз етілген компьютерлер және түрлі мамандықтар бойынша оқулықтар, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік құралдары, ғылыми еңбектер, салалық журналдар мен мерзімді басылымдардан тұратын үлкен кітап қорымен жабдықталған абонемент бөлімі бар. Кітапхана тек білім көзі ғана емес, сонымен қатар студенттердің шығармашылық, зияткерлік дамуына қолайлы кеңістік болып табылады. Жаңа кітапхана – болашақ мамандарға сапалы білім алуға жасалған маңызды қадам болып табылады.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz