Білім алушылардың кәсіби сертификаттаудан өтуі олардың білім деңгейінің, практикалық дағдылары және жоғары оқу орындары түлектерінің қалыптасқан кәсіби құзыреттілі жағынан маңызды көрсеткіш болып табылады. Білім беру қоғамдастығы өкілдері мен сарапшылар пікірінше, кәсіби сертификаттау мамандарды даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді, сонымен қатар олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтеді.

2025-2026 оқу жылында кәсіптік сертификаттау аясында ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының 6В11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушылары бекітілген жоспарға сәйкес «Промресурс білім беру орталығы» ЖШС базасында оқудан өтті. 36 сағат көлеміндегі «Газдан құтқару ісі» бағдарламасы бойынша арнайы дайындық барысында 40-тан астам тыңдаушы курсты сәтті меңгеріп, «Газдан құтқарушы» біліктілігін алды.

Курстан алынған теориялық білім мен практикалық дағдылар түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, олардың табысты жұмысқа орналасуына ықпал ететіні сөзсіз.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz