2025 жылдың 10-желтоқсанында Мұнай-газ инженериясы кафедрасында Тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіз елім – тірегім!” атты интеллектуалды куиз ұйымдастырылды. Іс-шараны кафедра эдвайзерлері бірлесе отырып өткізді.
Шараға студенттер белсенді қатысып, өз білімдері мен зияткерлік қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Куиздің негізгі мақсаты – студенттердің патриоттық сезімін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ логикалық ойлау мен командалық жұмыс дағдыларын дамыту болды.
Куиз қызықты сұрақтармен, тартысты кезеңдермен ерекшеленіп, қатысушылардың жоғары белсенділігімен өтті.

