2025 жылдың 10 желтоқсан күні 6В04202 «Құқықтану» ББ ЮР-21,23О топтарына Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз елдің бақытты ұрпағы» атты тәрбие сағаты өтті.
Аталған шара Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Топтың эдвайзері аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі – Отеуова А.К сөз алып, Тәуелсіздік – біздің ең қымбат байлығымыз. Оны сақтап қалу — әрқайсымыздың міндетіміз. Болашақ — білімді, еңбекқор және елін сүйетін жастардың қолында! Тәуелсіздіктің маңыздылығына аса назар аудару туралы айтып, 16 желтоқсан оқиғасын сипаттаған қысқаша бейне фильм көрсетілді.