«Сапасы апталығы – 2025. Білім берудегі цифрлық технологиялар – кадрлар кәсіби даярлау сапасын арттыру факторы ретінде» аясында 2025 жылғы 18 қарашада Тарих және құқық кафедрасында «XV–XVIII ғғ. дәстүрлі қазақ қоғамының рухани мәдениеті: тарихты танудағы цифрлық технологиялар» тақырыбында ашық практикалық-бағытталған семинар өтті.
Семинарды тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ерназаров Ж.Т. жүргізді. Ол заманауи цифрлық құралдар мен жобалық оқыту әдісін белсенді қолданды.
Қатысушылар: «Тарих» мамандығының 3-курс студенттері; Тарих және құқық кафедрасының оқытушылары; Білім беру және менеджмент институтының оқытушылары.
Семинарда білім алушылар цифрлық технологиялардың көмегімен орындалған екі бірегей студенттік жобаның таныстырылымы мен қорғалуы болды:
- «Қазақ киіз үйі – әлемдік модель және отбасылық құндылықтар ошағы»
- «Қазақ жылқысы – рухтың серігі, жауынгерлік өнердің негізі және көшпелі қоғамның өзегі»
Жобалар киіз үйдің жай баспана емес, әлемдік үлгі, шеберлік пен философияның көрінісі, отбасылық құндылықтардың орталығы екенін; ал жылқының тек көлік немесе мал емес, рухани серік, соғыс өнерінің негізі, экономика мен әлеуметтік қатынастардың өзегі екенін айқын көрсетті.
Семинар ғылыми ізденіс пен мәдени диалог алаңына айналды. Студенттер тарихи, археологиялық және этнографиялық дереккөздерді өз беттерінше жинап, талдап, жүйеледі және болашақ тарихшының негізгі кәсіби дағдыларын дамытты:
- сыни ойлау және дереккөздермен жұмыс
- зерттеушілік қабілет
- коммуникативтік дағдылар (ауызша және жазбаша қорғау)
- мәселені шешу және уақытты басқару дағдыларын шыңдады.
Қатысушылар жобалық оқытуды тарихшы маманды қалыптастырудың тиімді құралы ретінде жоғары бағалады: ол теорияны практикамен ұштастырады, студентті білім тұтынушыдан білім өндірушіге айналдырады, мотивацияны және тақырыпты терең түсінуді арттырады.
Семинар дәстүрлі тарихи мазмұнды, ұлттық рухани мұраны және қазіргі цифрлық технологияларды сәтті біріктірудің жарқын үлгісі болды.

