14 қараша күні Білім және менеджмент институтының «Қаржы және экономика» кафедрасының аға оқытушылары Умарова Н.С., Аймешева Ж.А. ұйымдастыруымен «Білім берудегі цифрлық технологиялар-кадрларды кәсіби даярлау сапасын арттыру факторы ретінде» Сапа апталығы аясында «Қазақстандағы салық салу тәжірибесіндегі өзекті мәселелер» тақырыбында қонақ дәріс өтті. Қонақ дәрісті «BUSINESS Garant» ЖШС-нің директоры Шагиев Темирлан Булатович оқыды.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің салық саласында білімін дамыту және заманауи еңбек нарығында болашақ мамандардың бәсекелестігін арттыру.
Ұйымдастырушылар салық салу тәжірибесіндегі өзекті мәселелерге тоқталып 2026 жылға салық кодексіндегі өзгерістер туралы ақпаратты студенттерге жеткізді. Студенттер белсенді түрде шараға қатысып,сұрақтарына нақты жауап алды. Аталмыш шара білім алушылардың кәсіби ой-өрісін кеңейтіп, болашақта бухгалтердің кәсіби бейнесін қалыптастыруға ынталандырды.

