2026 жылғы 6 маусымда Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Сенаты кубогының III ашық жартылай финалы өтті. Жарысқа Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан келген 145 үздік шахматшы қатысты.

Қадырғалиев Н.М. «Үздік ардагер» номинациясы бойынша І орынға ие болды, ал Батыс Қазақстан облысының шахматшылар командасы командалық есепте І орынды жеңіп алды.

Нұрболат Меңдіғалиевич екі алтын медальмен және Қазақстан шахмат федерациясының күміс төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ команда 2026 жылғы 26 маусымда Астана қаласындағы Конгресс-орталықта өтетін ҚР Сенаты кубогының III финалына жолдама жеңіп алды.

Нұрболат Меңдіғалиевичке зор денсаулық, толағай табыс және жаңа жеңістер тілейміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz