2025 ж. 13 қараша күні Тарих және құқық кафедрасында Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі пәні бойынша «Оқу дағдылары және оқу жұмысының тәсілдері.Тарихты оқытудағы көрнекілік.Қазақстан тарихын оқытуда белсенді және инновациялық әдістерді қолдану» тақырыбында практикалық семинар өткізілді. Семинар сабағын 6В01601-Тарих білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі Кашапова Айкөркем Нұрланқызы өткізді.

Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі пәні бойынша жаңа технологиялар мен белсенді оқыту әдістерін қолдануды үйрету мақсатында өткен сабақ барысында инновациялық платформалар, интерактивті тапсырмалар және сын тұрғысынан ойлау стратегиялары қолданылып, қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.

Сабақтың мақсаты — заманауи педагогикалық технологияларды тарих сабақтарында тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Іс-шара барысында цифрлық платформалар, интерактивті карталар,сергіту сәті, топтық жұмыстар мен сабақты бекітуге арналған тапсырмалар, сахналанған көріністер сияқты белсенді тәсілдерді таныстырды. Қазіргі оқыту жүйесінде мектептердегі сабақтарда әрбір бөлімге ЖИ платформаларын қолдану қажет екендігін басшылыққа алатын болсақ, бүгінгі сабақта өзара тәжірибе алмасып, жаңа әдістердің оқу процесіндегі маңызын талқылады. Ашық сабақ студенттердің қызығушылығын арттырып, олардың әдістемелік дайындығын жетілдіруге ықпал етті. Оқу барысында үйренген жаңа әдістерді алдағы уақытта практикада қолдану  және әріптестермен тәжірибе алмасу мүмкіндігі ерекше мәнге ие болды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz