БҚИТУ жоғары білімге бастайтын алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді.
БҚИТУ Салалық технологиялар институтының Сәулет және құрылыс кафедрасының оқытушылары Г.Ш. Избасова мен Л.Т. Қойбағарова БҚО ӘББ «Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің» МКҚК студенттерімен кездесу өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты – түлектерге кәсіби бағыт-бағдар беріп, болашақ мамандығын саналы әрі дұрыс таңдауға жәрдемдесу.
Кездесу барысында университет оқытушылары студенттерге білім беру бағдарламалары жайлы ақпарат беріп, оқуға түсу шарттарын, мемлекеттік грант иегері атану жолдарын, студенттік өмір мен халықаралық алмасу мүмкіндіктерін, сондай-ақ мансаптық өсу бағыттарын түсіндірді.
Әрбір кездесу белсенді диалог түрінде өтеді: студенттер қызығушылықпен сұрақтар қойып, викториналарға қатысады және ынталандыратын материалдарға ие болады. Студенттердің жетістіктері мен заманауи білім беру бағдарламалары жөніндегі таныстырылымдары ерекше қызығушылық тудырады.
БҚИТУ — жоғары білім алу жолындағы алғашқы сенімді қадам жасауға мүмкіндік береді.