Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетіне оқуға түсу – жаңа мүмкіндіктерге жасалған қадам: жоғары сапалы білім, кәсіби дағдыларды дамыту және мансаптық өсу.
БҚИТУ салалық технологиялар институтының маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық басқармасы талапкерлерге мамандық таңдау бойынша кеңес беруден бастап құжаттарды тапсыруға дейін қабылдау процесінің әр кезеңінде қолдау көрсетеді. Тәжірибелі мамандар оқуға қабылдау ережелерін түсінуге, қажетті құжаттарды дайындауға, тестілеу орталығының веб-сайтында конкурсқа өтініш беруде және гранттық немесе ақылы негізде оқудың оңтайлы жолын таңдауға көмектеседі.
Болашақ мамандығын таңдау сатысында тұрған болащақ студенттерге ерекше көңіл бөлінеді, сондықтан 2025 жылдың 3-7 қараша аралығында Ақтау қаласындағы мектептер мен колледждерде белсенді кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, басқарма мамандары жатақханада тұру, әскери дайындық, ғылыми жобаларға қатысу, волонтерлік, студенттік клубтарға қатысу мүмкіндіктеріне тоқталады.
Университет ыңғайлы оқу ортасын қалыптастыруға және әрбір студент өзін үлкен академиялық отбасының бір бөлігі ретінде сезінуіне жұмыстанады.