6 наурыз 2018 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогика факультетінде «Алғыс айту» күні аталып өтті. Бүл күн ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейтіні анық.
Алғыс айту күні – бұл тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің қазақ еліне ризалығын білдіру арқылы өзара түсіністігіміз бен сыйластығымызды барша жұртқа паш ететін күн. Бұл шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері: «Вайнах» шешен-ингуш қоғамдық бірлестігінің төрағасы Саратов Данильбек Алиевич., Әзірбайжан «Бирлик» мәдени-ағартушылық қоғамының төрағасы Мамедов Наджаф Мирзага оглы., «Татар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары Ишмакова Рината., БҚО «Орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Погодин Сергей Михайлович қатысты.
Шараны өткізу барысында оқу орнының студенттері Қазақстанда тұратын әр ұлт өкілдерінің ұлттық көйлектерімен дастархан мәзірін әзірлеп, келген қонақтарды қарсы алды.
Педагогика факультетінің тәрбие ісі жөніндегі бөлім


