2018 жылы 2 наурыз  Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ұйымдастыруымен «Адами капиталды дамыту – Қазақстан қоғамын жаңғыртудың негізі» атты халықаралық  ғылыми-әдістемелік конференциясы өткізілді.

Конференцияның басты мақсаты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа  мүмкіндіктері» атты жолдауынан туындайды. Бүгінде Отанымыздың жетістіктері – әрбір азматтың ұлттық мақтанышы.  Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақ мерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. «Қазақстан -2050» Стратегиясы –барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы.  Басымдықтардан біз  жетінші бағытына «Адами капитал-жаңғырудың негізі» айрықша тоқталғымыз келеді. Білім беру бағдарламаларының негізі басымдығы  өзгерістерге үнемі  бейім болу және  жаңа  білімді  меңгеру қабілетін дамыту болуы тиіс деп айырқа көрсетілген. Сонымен қатар, педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керектігін көрсетілген. Осы мәселелер ғылыми талдауларға арқау болады.

Пленарлық мәжілісте тыңдалған баяндамалар

Сабыр М.Б. – филология ғылымдарының докторы, профессор, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университет, Орал қ., ҚР  Рухани жаңғыру –ұлт болшағының іргетасы

Наумова Н.В. – кандидат психологических наук, Самарская гуманитарная академия, г.Самара, РФ  Психоаналитический взгляд на мотивацию и успешность обучения студентов

Капцов А.В. – психолог, кандидат технических наук, доцент, Самарская гуманитарная академия, г.Самара, РФ Диагностическое обеспечение стадий становления субъективности студентов при компетентностной модели образования

Обыденкина Л.В. – кандидат педагогических наук, доцент кафедры «Педагогики и психологии», Западно-Казахстанский инновационно-технологический университет, г.Уральск, РК  Модернизация казахстанской школы, как отражение актуальных трендов в развитии образования ХХІ века

Тажигалиева Замзагул Тлепбергеновна  – Назарбаев Зияткерлік мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалім-модераторы, филология магистрі  Тәжірибе алаңы: сөйлесім әрекеттері және оны ұйымдастыру жолдары

Сонымен қатар, конференияның мақсатын жүзеге асыру мақсатында мына бағыттарда мастер кластар ұйымдастырылды: «Методика изучения экономических терминов в неязыковом вузе» Габдуалиева Р.С. – экономикалық ғылымдарының докторы, профессор. Мастер класс барысында «СLIL ( Content and language intergrated learning)» технологиясын сабақ барысында   өткізу ерекшеліктерімен таныстырылды.

«Оқу мен оқытудын белсенді әдіс – тәсілдері»  Абишева Алина  Муратовна –  «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы БҚО ПҚ БАИ деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері, педагогика ғылымдарының магистрі.  Мастер класс барысында FILA (F-деректер, I- пікір, L- оқыту сұрақ, A-іс-әрекет) әдісіне тоқталып теориялық және практикалық сабақтарда қолдану ерекшеліктерімен таныстырды.

«Педагогиканы оқытудағы интерактивті әдістер» Джонисова Г.К. – п.ғ.к., «Педагогика және психология» кафедрасының доценті, Халыкова Б.Т. – «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушы, пед. және психология магистрі.  Мастер класс барысында «Миға шабуыл», «Исикава диаграммасы», «Ментальды карта» әдістерімен таныстырды.

«ОСӨЖ өткізудегі жаңа технологияларды пайдалану практикасы» Нугманова Ж.Т. – «Филология және оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушы, магистр.  «ОСӨЖ өткізудегі жаңа технологияларды пайдалану практикасы» атты тақырыбын «Өлшемдік бағалау» әдісімен өткізіп, студенттерді белсендендіре білді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz