Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1-наурыз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін Алғыс айту күні деп жариялаған болатын. Осыған орай 2018 жылдың 28 ақпанында Тілдер және менеджмент факультетінде «Шын жүректен алғыс айтамыз!» атты іс-шара өткізілді.
Шараның өтуі барысында факультеттің белсенді студенттері ата- аналарға, ұстаздарға, Елбасына және барша Қазақстан халқына өз алғыстарын өз өнерлерімен білдірді. «Eurasia TV» ұжымының дайындаған бейнеролигі тамашаланып, өлеңдер оқылды, әндер айтылды. Факультетіміде оқитын өзге ұлт өкілдері өз тілдерінде алғыс сөздерін жеткізді. Мерекелік шараны факультет деканы Ж.Ж. Жумаев қорытындылады.




