2025 жылдың 23-сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің Педагогика және психология  кафедрасының  6В03101–Психология  бакалавриат білім беру бағдарламасын 2025-2026 оқу жылына жаңарту мен толықтыруға арналған Академиялық комитеттің стейкхолдерлермен  біріккен талқылау отырысы болып өтті.   

Жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін кеңейтудің маңызды тетіктерінің бірі сыртқы және ішкі мүдделі тараптардың ұсыныстары мен студенттердің қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіби стандарттарға сәйкес құзыреттілік көзқарасқа негізделген білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жыл сайынғы жаңарту болып табылады.

 Білім беру бағдарламасын талқылауға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары: БҚИТУ бірінші және оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Машанова С.А., Білім және менеджмент институтының директоры Тасмагамбетов А.С., Оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімі жетекшісі Тулегенова А.У. және жұмыс берушілер, студенттер, магистранттар, түлектер, қоғамдық ұйымдардың, кәсіптік бірлестіктердің өкілдері: «Облыстық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру» КММ  меңгерушісі Маселова Р.Е., «Орал қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ басшысы Галиева Г.М., «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының» басшысы Даулетиярова М.Т. қатысып, білім беру бағдарламаларының құрылымы, мазмұны туралы пікірлерін білдірді.

Отырыс қорытындысы бойынша білім беру бағдарламасына 2025-2026 оқу жылына жаңарту мен толықтыру енгізіліп, элективті пәндер каталогын жасақтау ұсынылды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz