2025 жылдың 25 сәуірінде «Сәулет және құрылыс» кафедрасы академиялық комитеттің отырысын өткізді, оған стейкхолдер ретінде  «Уралводпроект» ЖШС инженер-топограф, геодезист маманы Мансурова А.В.,   «Күмбез» ЖШС бас сәулетшісі Искендиров Н.К., Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Хайрлиев А.Ж. және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы және «Құрылыс», «Сәулет», «Жерге орналастыру және кадастр» БББ-ның білім алушылары қатысты. Академиялық комитеттің отырысында білім беру бағдарламасын жаңарту, білім беру бағдарламасының мазмұнына жұмыс берушілерді тапсырыс берушілер ретінде және кадрларды тұтынушыларды, білім алушыларды нақты білім беру қызметін тұтынушы ретінде және еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып өзгерістер енгізу мәселелері қаралды. «Құрылыс», «Сәулет», «Жерге орналастыру және кадастр» БББ-на және ЭПК-ның жаңа пәндерін талқылап, білім алушылардың пікірін ескере отырып бекітуге шешім қабылдады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz