2025 жылдың 21-22 сәуір күндері аралығында Салалық технологиялар факультетінің 1 және 2 курс курс студенттеріне «Студент жастардың психологиялық денсаулығы» атты профилактикалық, түсіндірмелі- ақпараттық іс-шара өткізілді. Білім алушылыларына психологиялық көмек көрсетуге жауапты, жалпы білім беру пәндер кафедрасының аға оқытушысы, Ф.Ж Разахова жүргізді.
Шара барысында студенттер психологиялық денсаулықты тудыратын факторлар, оларды шешу, сақтау жолдары туралы толығырақ мәлімет алып, жауапкершілік пен алдын алу шараларын талқылады. Психологиялық кеңес беру орталықтары жайында мәліметтер алды. Студенттер психологқа сұрақ кою арқылы көкейлерінде жүрген көптеген мәселелерді талқылады. Іс-шара ақпараттық- танымдық, құқықтық бағытта өтті.

