2025 жылы 1 Наурыз Алғыс айту күні, БҚИТУ 25 жылдығына арналған «Наурыз Chess – 2025» турнирі Жалпы білім беру пәндер кафедрасы ұйымдастыруымен өткізілді.
Турнирге 40 шахматшы қатысты: орта білім мектептердің оқушылары, НИМ, қалалық, облыстық жарыстардың жеңімпаздары және Орал қаласының шахмат ардагерлері. Шараға жас таланттардың ата-аналары мен жаттықтырушылар қатысты
Бұл шараның мақсаты – кәсіптік бағдар беру және Салалық технологиялар институтымен таныстыру. Турлар арасындағы үзілістер кезінде СTИ кәсіптік бағдар беру бейнеролигі көрсетілді.
Блиц-турнир жеңімпаздары дипломдармен, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды:
1 орын – Дмитрий Данилов, колледж студенті
2 орын – Мүбарак Өтеген,щахмат ардагері
3 орын – Молбай Төрехан, 10 сынып, 17 орта мектеп
4 орын –Қазекенов Марат, Батыс Қазақстан облысы шахмат федерациясының атқарушы директоры
5 орын – Темірғалиев Санжар, НИМ оқушысы, 11 сынып
«Үздік ардагер» номинациясы – Жұмабаев Таир
Номинация: Үздік жас шахматшы – Өтеулі Данияр, 3-сынып, 21 орта мектеп
Номинация: «Үздік жас шахматшы» – Бахтиярқызы Зейнеб, 4-сынып, 42 орта мектеп
«Үздік қыз» номинациясы – Тұрсынова Айша, 11 сынып, №14 орта мектеп



