2025 жылдың 17 ақпанында СТИ Педагогикалық шеберлік мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының оқытушылары «Қазақстан Республикасындағы химия өнеркәсібі: қазіргі жағдайы, дамуы және перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға кафедра оқытушылары мен «Қауіпсіздік аралы» және «Айболит» ғылыми үйірмелерінің студенттері қатысты.
Қазіргі уақытта химия өнеркәсібі Қазақстан экономикасының стратегиялық маңызды және басым салаларының бірі болып табылады. Қазақстандағы ең жоғары технологиялы салалардың бірі бола отырып, өнеркәсіп экономиканың әртүрлі салаларында қарастырылған, соның ішінде тау-кен металлургия кешенінде, ауыл шаруашылығында, мұнай өнеркәсібінде, тамақ өнеркәсібінде, фармацевтикада және т.б.
Дөңгелек үстелде Қазақстанның химия өнеркәсібінің даму перспективаларына қатысты мәселелер талқыланып, жұмыс істеп тұрған химия өндірісін дамытуға ықпал ететін негізгі факторлар қарастырылды.
Студенттер Қазақстанның химия өнеркәсібін дамытудың өзекті мәселелері бойынша презентациялар дайындап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Соңында студенттер өз ойларымен, әсерлерімен бөлісе алатын қызу пікірталас болды.