2026 жылғы 2 қарашада Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушылары Б.Н. Амангелдиева мен С.Г. Бегалиеваның ұйымдастыруымен қонақ дәрісі өткізілді.
№45 мектептің педагог-психологы Тулеуова Жемис Камидуллиевна 6B01101 – «Педагогика және психология», 6B01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 6B03101 – «Психология» білім беру бағдарламаларының студенттеріне және 7M01101 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының магистранттарына «Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында педагог-психолог қызметінің ерекшеліктері, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен практикалық тәсілдері жөнінде кәсіби тәжірибесімен бөлісті.
Қонақ дәрісінің негізгі мақсаты – болашақ мамандардың психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, теориялық білімдерін практикалық тәжірибемен ұштастыру және білім беру ортасында психологиялық қолдау көрсетудің маңыздылығын түсіндіру.
Аталған іс-шара білім алушылардың болашақ кәсіби қызметіне қатысты түсініктерін кеңейтуге, тәжірибеге бағдарланған кәсіби даярлығын жетілдіруге және университет пен білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.



