14.02.2025 ж. БҚИТУ Салалық технологиялар институтының ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының магистранттары мен білім алушылары арасында «Бруцеллезді диагностикалаудағы кейбір заманауи әдістердің құндылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға 7М09101/7М09102 Ветеринарлық медицина ББ магистранттары және 6В09103 Ветеринария ББ білім алушылары қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар соңғы жылдары Батыс Қазақстан шаруашылықтарындағы ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезі бойынша эпизоотиялық жағдайды талқылады. Студенттер мен магистранттарға өндіріс жағдайында кеңінен қолданылатын бруцеллезді диагностикалаудың негізгі әдістері көрсетілді.
Студенттер мен магистранттар баяндамалар мен таныстырылымдар жасады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мал шаруашылығы объектілерінде ветеринарлық қызмет мамандарының эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуінің маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті.
Магистранттар мен студенттер облыста жануарлардың бруцеллезіне байланысты жағдайды одан әрі жақсарту үшін жүйелі түрде эпизоотологиялық мониторинг жүргізіп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігіне көз жеткізді.
Өнімдерді залалсыздандырудың ең жақсы әдісі – оларға жоғары температураның әсері. Дүкеннен сатып алынған сүтті, сондай-ақ базардан сатып алынған сүтті қайнатып, етті жақсылап қайнату немесе қуыру керек. Брынзаны дайындау кезінде екі ай, ал ірімшікті – үш ай ұстау керек, бұл уақыт ішінде бруцеллалар өледі.
Көрсетілген ұсынымдарды сақтау бруцеллезді жұқтырудың алдын алуға мүмкіндік береді.

