«Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық басымдықтары» халықаралық қатысуымен өткен ұлттық ғылыми-практикалық конференцияның жұмысына БҚИТУ-дың СТИ-нің ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының ғалымдары белсене қатысты. Конференция РФ Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен Орынбор мемлекеттік аграрлық университетінде онлайн режимінде өтіп, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының серіктес жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдарын бір алаңға жинады.

Пленарлық отырыста ветеринария ғылымдарының докторы, БҚИТУ профессоры Е.У. Байтлесов құттықтау сөз сөйледі, ол өзінің ғылыми баяндамасында Қазақстанның Батыс өңірінде ірі қара малды көбейтудің перспективті биотехнологиялық әдістерін әзірлеу және енгізудің өзекті мәселелерін көрсетті.

Халықаралық қатысуымен өткен республикалық ғылыми-практикалық конференция барысында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері талқыланды. Білім беру, технологиялық және ғылыми-зерттеу мәселелерін шешуге бағытталған бірлескен жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру мәселелері қозғалып, талқыланды. БҚИТУ СТИ ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасы мен ОМАУ жануарлардың жұқпалы емес аурулары кафедрасының бірлескен ғылыми зерттеулерін жүргізу мәселелері талқыланды.

Конференцияның қорытындысы бойынша қатысушылар Ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында екі университет арасындағы өзара байланысты дамыту және нығайту мақсатында ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz