БҚИТУ СТИ-де жыл сайын еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін жоғары теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар 15-тен астам білім беру бағдарламалары бойынша жас мамандар шығарылады. Түлектерді табысты жұмысқа орналастыру үшін практика және жұмысқа орналастыру бөлімі “Бос орындар жәрмеңкесі” сияқты іс-шараларды ұйымдастырады, университет сайтында және көптеген әлеуметтік желілерде орналастыра отырып, ағымдағы жылдың және ерте жылдардың түлектерінің назарына жеткізетін Бос орындар туралы ақпарат жинайды. Жас мамандарды жұмысқа орналастыру бойынша практика және жұмысқа орналастыру бөлімі қызметінің нәтижелерін жұмысқа орналастырылғандардың саны бойынша бағалауға болады, олар 75% құрайды.

“Технологиялық машиналар мен жабдықтар”, “Құрылыс”, “Мұнай-газ ісі”, “Электр энергетикасы” сияқты жекелеген білім беру бағдарламалары бойынша жұмысқа орналасқандардың пайызы 80-тен асады. Сондай-ақ, 90% құрайтын “Мұнай-газ ісі” білім беру бағдарламасы бойынша магистрлерді жұмысқа орналастыруды атап өту қажет.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz