2024 жылғы 22 қарашада БҚИТУ-дың, Салалық-технологиялық институттының, Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасында 6В11201 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі білім беру бағдарламасы бойынша РОӘК ұсынымын алу үшін оқу құралын ресімдеудің кейбір аспектілер тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел шеңберінде қауымдастырылған профессор, т.ғ.к. Р.Б.Ширванов қатысушыларға оқу құралын ресімдеудің, ISBN халықаралық стандартты нөмірін алудың, республикалық оқу-әдістемелік кеңестің (РОӘК) басылымына ұсыным алу үшін құжаттарды тапсыру тәртібі туралы қазіргі уақытта қолданылып жүрген талаптар мен қағидалар туралы хабардар етті. Құжаттарды дайындау және тапсыру кезінде туындайтын мәселелер мен қиындықтар дөңгелек үстелге қатысушылар арасында белсенді талқылауға айналды. Іс-шара қызығушылық жағдайында өтіп мақсатына қол жеткізілді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz