2024 жылғы 3-4 желтоқсанда салалық технологиялар институтының кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімінің мамандары және жалпы білім беру пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ф.Ж. Разахова Орал қаласының № 27, 43 ЖОББМ кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында бөлім мамандары салалық технологиялар институты бойынша білім беру бағдарламалары туралы және университетке түсу ережелері туралы оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс барысында білім алушылар сұрақтар қойып, барлық сұрақтарға жауап алды.

