13 қарашада Халықаралық студенттер күні қарсаңында БҚО Қоғамдық даму бас қармасының ұйымдастыруымен «STUD FEST – 2024» атты жарқын фестивалі өтті. Бұл ауқымды шараға қаланың жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Фестиваль жастықтың, шығармашылық пен күш-қуаттың нағыз мерекесіне айналды. БҚИТУ осы қызу әрі жарқын күресте өзін лайықты көрсетіп, құрметті 2-орынды иеленді.



