Сапа апталығы аясында «Филология және оқыту әдістемесі» кафедрасының жас оқытушылары А.О.Рақымғалиева, Г.С.Курмашева, А.Қ.Қуанышқалиеваның ұйымдастырумен «Қазақ әдебиетіндегі «әйел» образы» атты мастермайнд өтті. Мастермайнд спикері филология және психология ғылымдарының магистрі, «Зейін» университет мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, блогер Жутаева Әсел Қасенқызы болды. Әйел образы әдебиеттің дәуірлеу кезеңдеріне қарай талданды әрі кейіпкерлердің болмыс-бітімі, көзқарастары мен ұстанымдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Спикерімізге қызықты сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды. Профеесор-оқытушылар құрамы өз лебіздері мен бөлісіп, кешті түйіндеді.

Мастермайндта талқыланған тақырып көптің көңілінен шығып, мақтауға ие болды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz